Жаңалықтар

Өзбекстанда туған қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың 110 жылдығы қос елде кеңінен аталып өтті

Өзбекстанда туған қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың 110 жылдығы қос елде кеңінен аталып өтті

  Өзбекстанның Ташкент облысында дүниеге келген көрнекті жазушы, прозаик, драматург аудармашы, қоғам қайраткері, майдангер Рахметолла Райымқұловтың 110 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Қос елдің қыран тұлғасы» атты ғылыми-практикалық конференция мен Халықаралық байқаудың марапаттау рәсімі өтті - деп newsroom.kz хабарлайды «Отандастар Қорының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  width= Аталған салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жіберіп, оны Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев жиналған жұртшылық алдында оқып берді. Аталмыш құттықтауда «Рахметолла Райымқұлов - руханиятымыздың өркендеуіне зор үлес қосқан қабырғалы қаламгер. Жазушының шоқтығы биік шығармалары оқырман қауымның жүрегіне жол тауып, лайықты бағасын алды. Сондай-ақ, ол шетелдің классикалық туындыларын қазақ тіліне аударып, рухани мол мұра қалдырды» - деп жазылған.  width= Ташкент қаласында Өзбекстан жазушылар одағы ғимаратында өткен шараға ҚР СІМ қарасты «Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы да қатысты. А.Сапарбекұлы Рахметолла Райымқұлов екі бауырлас елге ортақ шоқтығы биік қаламгер екеніне баса назар аударып, оның аты мен мұрасын өшірмей, жаңғыртып отырған Өзбекстандағы қазақ қауымына терең ризашылығын білдірді. А.Сапарбекұлы шеттегі қазақтарға деген мемлекетіміздің қамқорлығы және осы ретте «Отандастар Қорының» жобалары туралы қысқаша баяндап өтті.  width= Іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Б.Атамқұлов пен екі елдің зиялы қауым өкілдері, Р.Райымқұловтың қызы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ақтоты Райымқұлова, сондай этникалық қазақтардың белсенділері мен жастар қатысты. Атап өтер жайттың бірі – ҚР СІМ және оған қарасты «Отандастар Қоры» 13 жас пен 35 жасқа дейінгі шетелдегі қандастар арасындағы талапты жастарға арналған «Қос елдің қыран тұлғасы» атты халықаралық шығармашылық байқауын Р.Райымқұловтың ұрпақтарымен бірге жариялаған болатын. Байқау нәтижесі бойынша Моңғолия және Өзбекстаннан шығармашылық байқауда бақ сынап, жүлделі орын алған этникалық қазақ жастары арасында алғашқы үштігіне ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Өз кезегінде, Отандастар қоры жүлделі орын алған 6 қазақ баласына алдағы шілде айында Бурабайда өтетін жазғы лагерьге тегін жолдама берді.