Жаңалықтар

Үш боксшымыз Ташкентте бокстан әлем чемпионы атанды

Үш боксшымыз Ташкентте бокстан әлем чемпионы атанды

  Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Өзбекістанның астанасы Ташкент қаласында бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды newsroom.kz. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде "алтын" үшін жекпе-жекте Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевпен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті, бұл ретте қазақстандықтың қарсыласы екі рет нокдаунға жіберді. Алайда алғашқы нокдаун есепке алынбады. Оған қарамастан үш раундта басым есеппен Махмуд Сабырхан әлем чемпионы атанды. Бұған дейін өткен әлем чемпионатында Сабырхан күміс жүлдегері атанған болатын. Сондай-ақ, қазақ боксшысы команда капитаны Асланбек Шымбергенов жартылай финалында үндістандық Дев Нишантты жеңген болатын. Бүгін ол Өзбекстандық боксшы Саиджамшид Джафаровпен кездесіп, айқын басымдылықпен жеңіп алтын медальға қол жеткізді. Тағы бір боксшымыз Нұрбек Оралбай Қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанмен қолғап түйістірді. Үш раундта да жоғары баға алған Нұрбек Оралбай қоржынымызға алтын медаль сыйлады. Осылайша бүгін үш қазақ боксшысы көрші елде көк туды желбіретіп, гимннің шырқалуына себепші болды. Естеріңізге сала кетсек, әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 млн доллар. Алтын медаль алғандарға 200 мың доллар, күміске 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі.