Оралда балкон арқылы қашқан жалаңаш азаматтың видеосы желі қолданушыларын күлдірді
Оралда балкон арқылы қашқан жалаңаш азаматтың видеосы желі қолданушыларын күлдірді
Оралда екінші қабаттағы балконнан түсіп келе жатқан жалаңаш азаматтың видеосы желі қолданушыларын күлдірді, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада ер адамның үстінде тек ішкиім киілгені байқалады. Балконнан түскен ол жерден заттарын жинап, әрмен қарай жалаңаш күйде кете береді. Видео авторы әйелдің көңілдесі күйеуі келіп қалған соң қашып бара жатыр ғой деген сынды пікір айтыпты.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары видеоға қалжыңмен қарады. Полицейлер болса бейнежазбадағы азаматты іздестірмейтіндерін жеткізіпті. Бұған қоса тәртіп сақшылары видеода айтылған көпқабатты үй карантинге жабылған деген ақпаратты жоққа шығарды.