Жаңалықтар

«Қазақстан бастарына күн туса бізге жүгіреді» - Ресейлік cаясаттанушы Евгений Сатановский

«Қазақстан бастарына күн туса бізге жүгіреді» - Ресейлік cаясаттанушы Евгений Сатановский

Ресейлік насихатшы әрі саясаттанушы Евгений Сатановский Қазақстан барлық  нұсқаларды қарастырып жатыр және Батыс елдерімен де, Ресеймен де қарым-қатынасын үзуге асықпайды деп санайды, деп newsroom.kz хабарлайды altyn-orda.kz  Interesting Russia басылымына сілтеме жасап. Сатановский  Қазақстанға бір жақты таңдау керек екенін меңзеп өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан «әріптес пен тату көршіден Ресейге бірте-бірте жау мемлекетке айналып бара жатқанын»-   баса айтты. Сонымен қатар, ол украиндық сценарийдің Қазақстанда қайталануы екіталай деп санайды, бірақ бұл жайбырақаттылық танытуға негіз емес дегенге саяды . Президент Тоқаев қазір америкалықтар мен британдықтарға Путинмен қарым-қатынасын үзбесе де, оның жақсы екенін және олардың нұсқауларын орындайтынын күшті және басты түрде дәлелдеп отыр. Сондықтан ол санкциялардың  Қазақстан арқылы   айналып өтуіне жол бермейді», — дейді Сатановский. Сатановский Қазақстанды екі жыл бұрын Ресейден де шет қалған Беларусьпен салыстырды. Ішкі мәселелер шешілген бойда Лукашенко тайсалмай,Ресейдің қолын ұстаған дейді Қазақстанда басына күн туса  , олар бірден Ресейге жүгіріп, Еуропаға  жалтақтауды  тоқтатады»  деді ол. Саясаттанушы     Қазақстанға   Европаға жалтақтауды қойып , бәрін байыппен шешуге шақырды