Жаңалықтар

Баламир Маханов «Алтыналмас» компаниясының басшылығына тағайындалды

Баламир Маханов «Алтыналмас» компаниясының басшылығына тағайындалды

«Алтыналмас АК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Баламир Маханов компанияның Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұған дейін Баламир Болатұлы «Алтыналмас» компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болды. «Алтыналмас АК» АҚ Басқармасының жаңа Төрағасының тау-кен саласындағы кәсіпорындарында – «Қазақалтын ТМК» АҚ, «Kazakhaltyn Technology» ЖШС және «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-да табысты жұмыс тәжірибесі бар.
Баламир Маханов 1986 жылы сәуірдің 7-де Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын бітіріп (2009 ж.), іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп бакалавры дәрежесін алған.
 width= 2021 жылы «МИСИС» Ұлттық технологиялық зерттеу университетінде (РФ)  «МВА – өнеркәсіптік кәсіпорындардың стратегиялық дамуын басқару» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру шебері бағдарламасын бітірді. Ол еңбек жолын «Үлкен төрттікте» қаржы менеджері, аудит маманы ретінде бастап, 2011 жылдан жұмысын «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-да жалғастырды, одан кейін «Қазақалтын» ТМК»-на басшылық лауазымдарға ауысты. 2017-2021 жылдар аралығында «Қазақалтын» ТМК» АҚ бас директоры қызметінде болды, 2021 жылы наурыздың 15-нен бастап «Алтыналмаста» коммерциялық мәселелер бағытын басқарды. Баламир Махановтың «Шапағат» медалі мемлекеттік марапаты бар.