Жаңалықтар

10.05 Тәшкендегі тартыс: Қамшыбек пен Бахадыр бокстасады

Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалолов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында кездеседі, - деп newsroom.kz хабарлайды Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 92 келіден аса салмақтағы бұл айқас финалға татиды, алайда турнир кестесі екі боксшыны ширек финалда кездестіріп отыр. Жекпе-жек 10 мамырда өтеді. Айта кетейік, 1/8 финалда Қамшыбек сириялық Мохаммед Млайесті жеңді, ал Джалолов аустарлиялық Теремоан Джуниордан басым түсті.