Жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде 75 мың ер мұғалім сабақ беріп жүр

Еліміздің білім беру ұйымдарында 91 мың 496 ер педагог еңбек етеді, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының мәліметінше, бүгінде еліміздің білім мекемелерінде 91 496 ер педагог жұмыс істейді. Оның 13 488-і колледж, 75 362-і мектептерде, 2646-сы мектепке дейінгі ұйымдарда.