Ресейлік полицейді қорлаған Байқоңыр азаматы заң алдында жауап береді
Ресейлік полицейді қорлаған Байқоңыр азаматы заң алдында жауап береді
Ресей полициясын өзгелердің алдында қорлағаны үшін қазақстандық азамат тергеуге алынды, деп хабарлайды newsroom.kz "Байқоңыр" кешені прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Байқоңыр кешені прокуратурасы 37 жастағы жергілікті тұрғынның Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 319-бабы бойынша кінәлі деп танылып, заң алдында жауап бермек.
Оқиға Байқоңыр қаласындағы шаштараздардың бірінде болған. Ащы судан ұрттаған қала тұрғыны үстінен полицияға шағым түскен.
"Оқиға орнына келген полиция қызметкеріне қарсылық танытып, оны сөзбен қорлаған. Енді қала тұрғыны бұзақылық үшін заң алдында жауап береді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Айта кететін жайт, Байқоңыр кешенінде Ресей федерациясының полиция қызметкерлері құқықтық тәртіпті қорғаумен айналысады. Ал Қазақстанның құқық қорғау орган қызметкерлері өкіл ретінде қатысады.