Жаңалықтар

Боксшыларды сұхбат бермеуге шақырған Садриддин итке кімді теңеді?

  Бүгінде өнерпаздар мен спортшылардың аңдамай сөйлеуінен бастары дауға қалуда. Аңдамай ма, әлде әдейі ме оны тек өздері біледі. Алайда “аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі” деген қазақта әдемі сөз бар. Ол танымалды жандар халқының қолдауының арқасында аты шығып жүргенінен хабары жоқ сыңайлы. Түсінікті болу үшін спорт журналисті Аслан Каженовтың фейсбук парақшасындағы жазбаны жариялауды жөн көрдік, деп хабарлайды newsroom.kz. “Садриддин, басыңа қатты соққы тиді ме?! Кәсіпқой боксшымыз кейінгі кезде қуып жүр. Дәл қазір Өзбекстан астанасында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр және сол жақта ел намысын қорғап жатқан жігіттерге «жекпе-жектен кейін сұхбат бермеңдер» деген жазба қалдырды. Себебін журналистерді шетінен сыншы, шетінен хайп жинаушы деп түсіндірген. Тіпті, соңына қарай әріптестерді итке де теңеп тастады. Садриддин, мен сенің залыңа барып, жаттығуыңа араласып, «былай істе, былай істеме» деп айтпаймын. Сенің де біздің жұмысымызда шаруаң болмасын. Сонда бәрі мақтау есту үшін ғана шаршы алаңға шыға ма? Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. Сынағанның бәрі жау емес. Жалпы жігіттердің қай-қайсын да боксқа ешкім зорлап апарған жоқ. Таңдадың ба, көтер барлық жауапкершілігін. Әсіресе, елдің атынан шығып жатсың ба, елдің алында жауап та бер. Сонда жаттығуда не істегенін білмейміз, жарыста не істегенін білмейміз, әркім өз бетімен жүре берсін дейсің ғой. Ендеше маң далаға боксшылардың қаласын сал да, сол жаққа көшіріп әкет бәрін. Өз-өздеріңмен өмір сүріңдер. Бізді итке теңегенің, тіптен, қате болды. Бұл - баспен қадалған жерің. Өзің кеп қадалдың”,-деп жазды Аслан Каженов. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін спортшы Садраддин Ахметов “Әлем чемпионатына қатысып жатқан батырларға жарыс жолынан шықпаған боксшыларға айтарым, интервью тек жарыс аяқталғанда берулеріңізді сұраймын. Өйткені біздің елде сыншы ағайын жетерлік. Интервью дымға да керек емес” дей келе, “ мына біздің журналист білгіштеріміз хайп жинап алу үшін салып қойып жатыр. Өз еліміздің иттері қастарыңда жүргенін біліңдер. Сендерді көретін адамдар көріп шын қолдайтындар қолдайды. Қалғаны тек сендерді халық жауынан кем қылып жатқан жоқ” деп жазғаны көпшліктің ашуын тудырды. P.S. Қай саланың маманы болсын, оның ісінің өз маманы екенін, жұмысының қаншалықты қиын екенін айтып, оны халыққа жеткізетін БАҚ өкілдері. Депутат менсінбесе, әнші пысқырмаса, спортшы дікеңдесе, сонда журналисттің құқығын кім қорғамақ?! Барды бардай айтып, көзге көрінгенді айтқанның несі айып? “Әлін білмеген әлек”. Бар үмітіміз сол спортшылар, Қазақ елінің туын көкке көтеретін намысты, айбынды жігіттер де емес пе? Сондықтан да ондай атақ жинап беретін маман иесі болуды о бастан ойлану керек сыңайлы.