COVID-19 жұқтырған мейіргер вирустан айыққан кейінгі суретін жариялады
COVID-19 жұқтырған мейіргер вирустан айыққан кейінгі суретін жариялады
Калифорнияда тұратын мейіргер Майк Шульц коронавирустан айыққан соң 23 келі салмақ түсіргенін айтты, - деп хабарлайды Buzz Feed News.
Америкалықтыңіайтуынша, ол вирусты наурыз айының басында Майамиде өткен кеште жұқтырған. Ол жерде ешқандай санитарлық норма сақталмады дейді. Бірнеше күннен кейін оның дене қызуы жоғарылап, 39 градусқа дейін жетіп, өкпесі сұйықтыққа толған. Содан 16 наурызда ол ауруханаға жатқызылған.
"Алты апта бойы тыныс алдыру аппараты арқылы ем алудың қаншалықты сұмдық екенін көрсеткім келеді. Пневмониядан салмағым бірден түсіп кетті", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.Дереккөз мәліметінще, Шульц қазір үйіне оралды, жағдайы жақсарды. Әлеуметтік желілерде бұрынғы қалпына келу үшін қолдан келгенді жасауға ниетті екенін айтып жатыр.