Жаңалықтар

Дроновты дыңылдатты: Қамшыбек Тәшкенде жеңіске жетті

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстан командасыны Қамшыбек Қоңқабаев жеңіспен бастады, деп newsroom.kz хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Аса ауыр салмақта сынға түсетін Қамшыбек бірінші кездесуде ресейлік Алексей Дроновпен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші раундтан соң төрешілер ресейлік боксшыны алға шығарған. Алайда екінші және үшінші раундта қарқынын үдеткен Қоңқабаев жеңісті қарсыластан жұлып алды. Жекпе-жектің үшінші кезеңінде Қамшыбек Қоңқабаевтың ауыр соққысынан Дронов есеңгіреп, төреші нокдаун ашты. Осылайша, команда капитаны, Олимпиаданың қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев әлем біріншілігін сәтті бастап отыр. Ол келесі айналымда сириялық боксшымен кездеседі.