Жаңалықтар

Бізде қашан? Ресейдің салық органдары блогерлерді тексере бастады

Бізде қашан? Ресейдің салық органдары блогерлерді тексере бастады

  Ресей миллион жазылушысы бар блогерлерді «тазалап»жатыр. Салық қызметі Инстасамка, Гусейн Гасанов, Егор Крид бастаған 29 блогерді тексеруде - деп жазды белгілі PR маманы Ербол Азанбек өзінің фейсбук парақшасында. Оның жазуынша, Ресейде 7 инфлюэнсердің шоттары бұғатталған. Тым танымалдардан Джиганның әйелі Оксана Самойлова бар екен, деп хабарлайды newsroom.kz. Ал Елена Блиновская, Елена Чекалина, Александра Митрошина дегендерге қарсы қылмыстық іс қозғалған. Шоттары бұғатталғандардың да ісі Тергеу комитетіне берілуі мүмкін. Салық төлемеген, заңсыз ақша айналымын ұйымдастырғаны үшін деп жатыр. Біздің «миллионниктердің» жағдайы қалай?