Жаңалықтар

Әлемге әйгілі сәнгер Валентин Юдашкин өмірден өтті

Әлемге әйгілі сәнгер Валентин Юдашкин өмірден өтті

  Ресейлік сәнгер және дизайнер Валентин Юдашкин 59 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасап newsroom.kz. Сәнгердің қайтыс болғанын жары Марина Юдашкина хабарлаған. Отбасы мүшелері оның жақында Мәскеудегі Блохин атындағы Онкологиялық орталықта емделіп, метастаздардың дамуын тежеу үшін қымбат ісікке қарсы препараттарды қабылдағанын айтқан. Естеріңізге салсақ, Валентин Юдашкин 2021 жылы ғана өзінің айықпас дертке ұшырағаны туралы айтқан болатын. Ол бес жылдан бері осы ауруымен күресіп келген. Ең алғаш 2016 жылы оған өңештің қатерлі ісігі диагнозы қойылып, кейін бүйрегін жоғалтқан еді. Содан соң дәрігерлер басында метастаздарды пайда болғанын анықтаған. Оның киім үлгілері Парижде Жоғары сәнде көрсетілді. Өзінің есімі брендке айналып, дүниежүзіне танымал болды.