Жаңалықтар

Башинская мандатын тапсырған уақытта 17 қабатта терезе жуған келіншек жұртты шошытты

  Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға кеңес берген депутат Анна Башинскаяның өкілеттілігі тоқтатылғанын хабарлайды newsroom.kz. “Құрметті достар! Мен өз әрекеттеріммен еліміздің бейбіт саясатына көлеңке түсіргім келмейді. 
Осы күндері көп ойландым және менің әрекетімді айыптағандардың барлығының сезімдерін терең түсіндім. Менің пікірім бүгінгі келеңсіз оқиғалар аясында орынсыз болғанын тағы да атап өткім келеді. Осылайша қоғам алдында күрделі мәселе туғыздым. Осыған байланысты мен партияның ресми ұстанымын толығымен келісемін. Жеке жауапкершілікті сезіне отырып, мен депутаттық өкілеттіктерді тоқтату туралы шешім қабылдадым. Жіберілген қателігім  үшін барлық отандастарым мен партияластартарымнан шын жүректен кешірім сұраймын. Барлығына жақсылық пен бейбітшілік тілеймін”, – деп жазды Башинская.   Естеріңізге сала кетсек, депутат ханым Deutsche Welle парақшасында “Зеленский мырза, одан да Түркияға шабуыл жасаңыз. Ол жақты жыл бойы ауа райы жылы болады”, – деп жазба астында пікір қалдырған еді. Кейін ол тағы бір пост жариялап, жоғарыдағы сөзі үшін барлығынан кешірім сұрады. Алайда кешірім Башинская ханымның депутаттық мандатын қорғай алмады.

 

Анна Башинская депутаттықтан айырылып жатқанда, елордадағы 17 қабаттық үйдің терезесін жуған келіншек жұртты шошытты. Әлеуметтік желідегі тараған кадрларда оның ешқандай сақтандырусыз, терезелерді сүртіп жатқаны байқалады.   Видеосы