Жаңалықтар

Түркияға шабуыл жасауды ұсынған депутаттың 6 миллиардтан асатын мемлекеттік келісімшарты бар

Түркияға шабуыл жасауды ұсынған депутаттың 6 миллиардтан асатын мемлекеттік келісімшарты бар

Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Анна Башинскаяның қолында 6 миллиард теңгеден асатын жүзге жуық мемлекеттік келісімшарттар бар, деп newsroom.kz хабарлайды Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.
Осындай келісімдерге қарағанда, депутат тең құрылтайшы болып табылатын «LEU» фирмасы Ганди саябағын, Иманов алаңын, Ганди саябағының батысындағы скверді абаттандырумен және Әуезов ауданындағы жасыл желектерді қорғаумен айналысып жатыр. Бұған дейін Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы «Аманат» партиясынан сайланған депутаты Анна Башинская Украинаның Қырымды өз бақылауына қайтарғысы келетініне қатысты  екіұшты пікір айтқан болатын. Deutsche Welle Украина президенті Владимир Зеленскийдің жоспарлы қарсы шабуылды және аннексияланған Қырымды Украина бақылауына қайтаруды жариялаған сөзін жазған. Башинская жазбаның пікір білдіретін қатарына Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға кеңес береді. Депутаттың шағын пікірі әлеуметтік желіде қызу пікір талас тудырды. Қазақстандықтар Башинскаяны Ресей мен Путиннің саясатын қолдады деп айыптады. Кейін ол тағы бір пост жариялап, сөзі үшін барлығынан кешірім сұрады.
«Фейсбуктегі Deutsche Welle-де Украина президентінің мәлімдемесіне ойланбастан түсініктеме жазыппын. Мен Түркия туралы жазғанда мүлде дұрыс емес нәрсені меңзеген екенмін. Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын! Украина мен Ресей халықтарына тек бейбітшілік тілеймін. Мен бұл мәлімдемені «Фейсбуктегі Deutsche Welle»-те жаздым. Кешіріңіз, бұл менің қателігім, бұл жағдайға менің пікір білдіруге құқым жоқ, біздің өз еліміз бар, мен депутат ретінде ең алдымен оның амандығын ойлауым керек», — деп жазды ол.