Жаңалықтар

Иманды болсын! О.Сүлейменовтің әйелі қайтыс болды

Қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің жары Маргарита Владимировна қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазылып жатыр, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Қайғылы хабар туралы Қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин жазды.

"87 жасында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің жұбайы Маргарита Владимировна өмірден өтті", - деп жазды ол.

Ақпаратты ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы растады.