Жаңалықтар

Мәссаған! Күдебаевтың ұлы: “Әкем қашқан жоқ, өз еркімен берілді!”

Мәссаған! Күдебаевтың ұлы: “Әкем қашқан жоқ, өз еркімен берілді!”

Күні кеше қаңтар оқиғасына қатысы бар деп айып тағылған бұрынғы Алматы полиция департаментінің экс басшысы Серік Күдебаев ҰҚК қызметкерлерімен ұсталып, елге қайтарылды деген ақпарат тараған болатын, деп жазады newsroom.kz ZTB.KZ дереккөзіне сүйене отырып. Бүгін оның ұлы Арман Мырзакулов БАҚ-тағы әкесін елге күштеп қайтарғаны туралы ақпарға қарсы өз мәлімдемесін жасады.
“Әкем түнде кіші інім Асланбекке телефон соғып “мен еліме қайтып бара жатырмын. Мен сендерді жақсы көремін. Мен еліме ораламын. Қазір барып мені алып кетеді” деген. Ал бұқаралық ақпарат құралдарында “ұстадық” деп жазып жатыр.
Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын. Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Кейіннен экс басшы денсаулығы сыр беріп, аурухана түсті. Одан соң елден қашып кеткені анықталып, халықаралық іздеу жарияланған еді.