Коронавируспен күресуге ақша жинаған қартқа рыцарь атағы берілді
Коронавируспен күресуге ақша жинаған қартқа рыцарь атағы берілді
Коронавируспен күресу үшін 32,8 миллион фунт стерлинг (40 миллион доллардан астам) жинаған. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Том Мурға Ұлыбританияның ең жоғары мемлекеттік марапаттарының бірі және рыцарь атағы берілді. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның кеңсесі мәлімдеді.
"Полковник Том Мурдың ақша жинау жөніндегі керемет науқаны бүкіл елді шабыттандырды және біз үшін коронавируспен күресу үмітінің маягіне айналды. Оның ісінен шабыттанғандардың атынан мен оған үлкен алғысымды білдіремін. Бұл адам - ұлттың нағыз байлығы", - деді Джонсон.Премьер-министр 100 жастағы ардагерге марапатты тағайындауды өтінді, ал Ұлыбритания патшайымы Елизавета II оның өтінішін орындады. Мурға рыцарь атағын беру рәсімі өтетін күн пандемияға байланысты әлі анықталған жоқ. Ұлыбританияда рыцарь атағы көбінесе 5-ші дәрежелі Британ империясының орденімен бірге беріледі. Қазіргі уақытта Мурдың қай деңгейге тағайындалатыны белгісіз, бірақ отставкадағы капитанға бұған дейін полковник дәрежесі берілген. Соғыс кезінде Үндістанда және Бирмада қызмет еткен қарт кісі Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне коронавируспен күресу үшін қаржы жинайтынын мәлімдеген. Ол ақша жинау үшін бақшасындағы 25 метрлік қашықтықты өзінің жасымен бірдей, яғни, 100 рет жаяу жүріп өтетінін айтқан. Алайда, Мур мұнымен тоқтап қалмай, бақшаны 200 рет айналып шыққан. Мурдың қайырымдылық науқаны британдықтардың қызығушылығын тудырды және ол бастапқыда жоспарланған 1000 фунт стерлингттің орнына 38, 8 миллион фунт-стерлинг қаражат жинаған.