Жаңалықтар

Рас па? Күдебаев ұсталыпты

  Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп айып тағылған бұрынғы Алматы полиция департаментінің экс басшысы Серік Күдебаев ұсталды, деп хабарлайды newsroom.kz. Оның бұған дейін елден қашып кеткені анықталған еді. Кейіннен оны Бішкек арқылы Түркияға қашты деген қауесет тараған болатын. Бүгін Бас прокурор Берік Асыловтан БАҚ өкілдері кулуарда “Қүдебаевтың ұсталғаны рас па?” деп сұрағына "иә" деп жауап берді. және оның Қазақстанға алып келгені айтылды. Еске сала кетсек, полиция департаменті экс басшысына Халықаралық іздеу жарияланған болатын.