Жаңалықтар

Мектепті күміске бітіріп, гүл саттым: Ғ.Әбдірахымов желіге не жазды?

Мектепті күміске бітіріп, гүл саттым: Ғ.Әбдірахымов желіге не жазды?

  Ғабидолла Әбдірахымов ең алғаш Шымкентті Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып тұрған кезде басқарған болатын. Екі жыл ішінде әкім жаңашылдығымен, креативтілігімен көзге түсіп, қала тұрғындарының жүрегіне жол тапқан еді. Кейін ол әкім қызметімен қош айтысқанда, Шымкент халқы “қимай” қоштасқан. Өйткені оның “зың” әкімі екеніне қаланы да “зың” ететініне сенімді болды. Үшінші мегаполистің әкімін жергілікті халық “красавчикке” теңеді. Ғабидолла мырза екінші рет Түркістан облысы орталығы Шымкент қаласының әкімі болып қайта сайланды. Алайда бұрынғы Ғабекеңнің қарқыны байқала қоймады. Кеше экс әкімнің өзі жеке өмірі туралы әлеуметтік жазба жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. “Құрметті достар! Мсған оқырмандарым жиі хабаоласады. Олардың ішінде өз өмірбаянымды айтып, қызығушылық білдіретіндердің қатары аз емес. Алғашында менің азды-кемді жүріп өткен өмір жолым қызықты бола қояр ма екен деген көкейде күмән болғанын жасырмаймын. Алайда екінші жағынан менің өмірімнің кейбір сәттері өскелең ұрпаққа үлгі болып, кәделеріне жарап жатуы да мүмкін ғой деп бөлісуді жөн санадым,-деп жазды ол. Осылайша ол өзі туған отбасы, туған жері, білімі туралы жазды. Орта мектепті бітіретін кезде алтын медальмен бітіруге мүмкіндігі бола тұра, өз ұстанымында қалғанын ашық айтады. “Әлі есімде бүкіл сыныптың алдында тұрғызып қойып, әжептеуір жиналыс өткізген. Маған талап қойды: шығармаңды қайта жазып, бестік бағамен алтын медаль немесе жазған шығармаңа нашар баға алып, күміс медальмен бітіресің. Нәтижесі күміс медаль. Ата-анамнан таяқ жесем де, өзімнің шешіміме риза болдым,-деп есіне түсірген естелігінде. Оқып жүріп, жұмыс істеп нәпақасын тапқанын, өзінің еңбек жолын немен бастағанын жазған. “Менің ең алғашқы стартапым голланд гүлдерін, жемістер мен көкөністерді сатуға арналды. Күн сайын таң бозымен таласа сағат 5 те тұрып, тауар сатып алып, соны сауда нүктелеріне таратынмын. Сағат 8-де университетке шығам. Сабақтан кейін саудамды жалғастырамын,-деді Ғабидолла Әдірахымов. Осылайша ол өзінің 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша білім алып, 1997 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Германияға оқуға түседі. Шетелде білім алып жүрген ол, қосымша жұмыс істеп ақша табады. 1999 жылы  неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде магистр дәрежесіне қоса, ең алғашқы көлігімен туған елге оралады. Еске салайық, Ғабидолла Әбдірахымов 2015-2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі, кейіннен 2018 жылы Түркістан облысының орталығы Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарған.