Жаңалықтар

Баян Алагөзовамен сүйіскен актер әйелінен ажырасып кеткенін айтты

Баян Алагөзовамен сүйіскен актер әйелінен ажырасып кеткенін айтты

Белгілі актер Қуандық Шәкіржанов өмірінде алғаш рет жеке өмірі туралы айтты. Ол қазір әйелімен ажырасып, бөлек тұратын болып шықты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өздеріңіз білесіздер, әр нәрсенің өзіндік себебі болады. Ұлым ер жетті, қызым бой жетті. Жұбайым Арай балаларға жақсы тәрбие берді. Менің көп уақытым гастрольде өтті. Кезінде «Бауыржан-шоу» дүрілдеп тұрды. Қайда барсақ та, билет тез өтіп кететін. Алматыда 10-15 күн жүріп, қайтадан ел аралайтынбыз. Қай облысқа барсақ та, жағдай солай болды. Шыны керек, мұндай дәуір 10 жылға дейін жалғасты. Соның жартысы жолда өтті, - дейді Қуандық Шәкіржанов«Хабар» арнасындағы «Алғашқы»  бағдарламасында.
Ол сондықтан отбасымен де қиындықтар болғанын жасырған жоқ. Қазіргі кезде әйелінен бөлек тұрады екен.
Отбасы болған соң, әр жанұяның жеке сыры болады. Қазір жанұядан жырақ жүрмін. Бәлкім, солай болу керек шығар...Мінезіміз жараспады. Ұл-қызыммен жиі араласып тұрамын. Анасы сұхбат беруге келмесе, маған өкпесі бар шығар. Өмір болған соң, бәрі де болады. Қайтадан қосыламыз ба? Оны құдай біледі. Қосылмай бәрі де аяқталуы мүмкін, - деді актер.
Айта кетейік, былтыр ол продюсер Баян Алагөзова бірге фильмде түсіп, сүйіскен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.