Жаңалықтар

Жастарды жұмыссыздықтан сақтау басты міндет

Жастарды жұмыссыздықтан сақтау басты міндет

Жастар дегенде ойымызға әуелі еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы түседі. Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзінде терең мағына бар. Ал жастарымыздың бәсекеге қабілетті, өркениетке бейім болу керектігі күмән тудырмайды. Бүгінгі таңда қоғамда жас болса да талай белестерді бағындырып, өзін-өзі дәлелдеген жастар жетерлік.

Елбасы үнемі жастарға қам­қор­лық көрсетіп, білімді жас­тарды қолдап келеді. Мем­лекет қам­қорлығымен осыдан бірнеше жыл бұрын өңір­лер­ден жастар саясаты бас­қармасы құрылды. Десек те өңір­лерде жүрген жастардың жағ­дайы қалай? Әсіресе ауылды жерлердегі жас­тар не істеп жүр деген са­уал туады.

Бүгінде жастардың жұ­мыс­қа орналасуы өзекті мә­селе. Сол сияқты олардың бі­лім алуы да маңызды.

14 сәуірде Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде студенттерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды  newsroom.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкені өткізудің мақсаты – жастар мен түлектер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

Іс-шарада 20-дан астам жұмыс беруші 150 студентке өз қызметі мен бос жұмыс орындары туралы түсіндіріп берді.

Елорда халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары студенттерге тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді, сондай-ақ «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу туралы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мамандары қатысып, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу тәртібін түсіндірді.Жұмыс берушілер арасында «Астана-Зеленстрой» ЖШС, «Жасыл жер» ЖШС, «Жасыл Аймақ» РМК және университеттің басқа да көптеген әлеуметтік серіктестері сияқты кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Егер мұндай жобалар жас­тар­дың жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп жатса тіп­ті жақсы. Бұл орайда көп нәрсе жастардың өзіне де байланысты сияқты.

Астанада бұған дейін студенттер мен жұмыссыз жастарға 50 жұмыс беруші 500-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынған болатын.

Жәрмеңкеде денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, қызмет көрсету және т.б. салаларда бос жұмыс орындарын табуға болады. Олардың қатарында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, банктер және басқа да мекемелер бар», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитов.

Esil University жәрмеңкесінде жұмыс тапқысы келетіндер көп болды. Өйткені мұнда бірнеше жұмыс берушімен сұхбаттасу мүмкіндігі жасалды.

«Біз – өз шығармашылығы арқылы тың ойлары, идеялары бар жас студенттерді іздейтін компаниямыз. Бізде тұрақты жалақы, ресми жұмысқа орналасу, карьералық өсу, тату ұжым бар. Студенттер бізге түйіндемелерін береді, біз олармен байланыс орнатамыз, олар бізге өндірістік практикаға немесе жұмысқа орналасуға келе алады», – деп атап өтті персонал жөніндегі менеджер Қымбат Сүлейменова.

Ал Фариза Ділімбетова бір жылдан кейін диплом алады, бірақ қазірдің өзінде тәжірибе жинау үшін жұмыс іздеп жүр. Себебі тәжірибесіз жұмысқа орналасу қиын. Фариза сияқты көптеген студент үшін мұндай іс-шаралар жақсы жұмыс орнын табудың тамаша мүмкіндігі болып саналады. Өткен жылы ғана 250-ден астам адам жұмысқа орналасты. Сондықтан Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тоқсан сайын өткізіледі.

Айта кетейік, 2022 жылы елордада жастарға арналған төрт бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оларға 160-тан астам жұмыс беруші мен 2,5 мыңға жуық жас қатысты. Оларға барлығы 1 800-ден астам бос жұмыс орны берілді.