Жаңалықтар

Шахматтан әлем чемпионы Астанада анықталмақ

Шахматтан әлем чемпионы Астанада анықталмақ

Астанада шахматтан дүбірлі дода болып өтті. Бұл Қазақстан әйелдер құрамасының Әлем құрамасына қарсы матчы болмақ, деп хабарлайды newsroom.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақстандық шахматшылар мен дүниежүзінің атақты спортшыларынан жасақталған «әлем құрамасы» арасындағы шахмат матчының ашылу салтанатына қатысты.

«Іс-шараға министрлік, Қазақстан шахмат федерациясымен бірге осы матчты ұйымдастыруға атсалысқан FIDE өкілдері қатысты. Ашылу салтанаты жеребе тартумен аяқталды. Жеребе нәтижесінде шахматшыларымыз қарсыластарының есімдерін білді.

19 сәуірге дейін өтетін ойындарға құрамында Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Алуа Нурманова және Зарина Нұрғалиева бар еліміздің әйелдер құрамасы қатысты. Оларға қарсы қытайлық шахмат жұлдызы, 4 дүркін әлем чемпионы және FIDE рейтингінде №1 орында тұрған Хоу Ифань, сондай-ақ Грузиялық Нана Дзагнидзе, Үндістандық Харика Дрюнавалли, Әзірбайжандық Гюнай Мамедзаде, Болгарлық Нургюль Салимова, Мажарстаннан Жока Гаал, Үндістандвқ Шри Б. Савита және көршілес Өзбекістаннан Афруза Хамдамова сынды атақшы шахматшылар ойнады. Команда капитандары - гроссмейстер Гүлмира Дәулетова және гроссмейстер, Латвияның бұрынғы экономика министрі және осының алдындағы қаржы министрі Дана Рейзниеце-Озола қатысты.

Шахмат партиялары «Астана» халықаралық қаржы орталығында болып өтті.

Аталған матч елімізбен қатар басқа елдердегі спорттың барлық жанкүйерлері үшін қызықты болды. Әсіресе, спортшылардың шеберлік деңгейін ескеретін болсақ тартысқа толы ойын болды.

“Бұл еліміздегі осындай ауқымдағы соңғы іс-шара емес екеніне сенімдімін. Біз 2027 жылға дейінгі шахматты дамытудың кешенді жоспарын әзірледік. Оның шеңберінде республикалық және әлемнің ең үздік спортшыларының қатысуымен халықаралық турнирлер, сондай-ақ шеберлік сабақтар өткізу көзделген. Бұл ретте біз тек жоғары жетістіктер спортына ғана емес, бұқаралық және балалар-жасөспірімдер шахматына да назар аударатын боламыз. Осылайша, еліміздің барлық өңірінде жаңа үйірмелер ашылып, шахмат спорты кезең-кезеңімен мектеп бағдарламасына факультатив түрінде енгізіліп жатыр. Мемлекет басшысы да елімізде аталған спорт түрін дамытуға белсенді қолдау көрсетуде.

Мен біздің құрамаға жоғары нәтижелі ойын көрсетіп, алдағы жарыстарда жарқын жеңіске жетулерін тілеймін. Ал қазақстандықтарды шахмат жұлдыздарын қолдап, жанкүйер болуға шақырамын»,- деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында. 

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 31 қазанында шахматтан қазіргі 16-әлем чемпионы Магнус Карлсен классикалық шахматтан әлем чемпионы атағын қорғаудан бас тартты, осыған байланысты 2022 жылғы турнирдің жеңімпаздығына үміткер Ян Непомнящийдің қарсыласы турнирде екінші орын алған Дин Лижень болды. Бұл спортшылар халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) әлемдік рейтингінде екінші және үшінші орындарды иеленеді: Ян Непомнящийдің рейтингі – 2793, Дин Лиженьнің рейтингі – 2788. Қандай нәтиже болса да бұл матч 17-жаңа шахмат тәжінің иегерін анықтайтын жарыс.

2 миллион еуро жүлде қорын толық қамтамасыз ететін турнирдің бас серіктесі және ұйымдастырушысы – Freedom Holding Corp.

“Әлем чемпионаты шахмат әлемі үшін де, Қазақстан үшін де маңызды оқиға болып саналады. Қазіргі уақытта еліміздегі шахмат трендте. Біз шынымен де қызығушылықтың артып келе жатқанын байқаймыз. Осыған байланысты Қазақстан жас ұрпақ үшін шахматты дамытудың бағдарламасын қабылдады. Қазір Федерация алдында шахматты түбегейлі жаңа деңгейге көтеру, жас шахматшыларға керемет мүмкіндіктер жасау және жаңа таланттардың іргетасын қалау міндеті тұр. Матчты өткізу – Қазақстанның әлемдік спорттағы маңыздылығының және біздің зор әлеуетімізге деген сенімнің дәлелі. Алдағы жылдары біздің спортшылар жаңа жетістіктерге жететініне сенімдімін және біз қазақстандықтардың жеңісімен мақтанамыз», – деп атап өтті Қазақстан Шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.