Жаңалықтар

Қаржы пирамидасының “майшелпегіне” айналғандар көп

Қаржы пирамидасының “майшелпегіне” айналғандар көп

Қаржылық дағдарыс қыспаққа алғалы, қалта қағудың әртүрлі айла-тәсілдері шығады. Ғасырдың соңғы жылдарындағы тұрмыстық ахуал, қоғамның көрінісі, халықтың жағдайы, қымбатшылық қылмыстың да санвн көбейтуде. Дағдарыстан шықпай жатып, келесісіне оңай кіріп кетіп жатқан адамдар қаншама?! Ахуалдың тұрақсыздығын айтудан, жазудан жалықпайтын болдық, деп хабарлайды newsroom.kz

«Қаржы пирамидасының» не екендігін тәптіштеп түсіндіруді қажеті шамалы. Өзгенің қаржысын арамдықпен құлқынына тығушылар туралы ақпараттар жетерлік.

Жақында ғанс Астанада "HAS Holding" қаржы пирамидасы анықталды.

Аталған қаржы пирамидасы өзін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде көрсеткен. 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті "HAS Holding" қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамды анықтағаны туралы БАҚ жарыса жариялады.

Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім еткендей, сенгіш азаматтарға инвестицияланған соманың 70% дейінгі пассивті ай сайынғы табыс уәде етіліп, ақшаларын түрлі инвестициялық жобаларға салуға шақырған.

"Upgrade-AS", "Holding AS", "XAS-Logistic", "light-AS" және басқа да компаниялардың атынан салымшылармен келісімшарттар жасалған.

Салымшылар үшін міндетті шарттардың бірі 180 000 теңгеге “Қытайдан әкелінді “делінген тұрмыстық тауарларды сатып алу болды.

Пирамиданың тұрақты жұмысының көрінісін жасау үшін алынған ақшаның бір бөлігі салымшыларға сыйақы төлеуге бағытталып отырған. Алайда ұйымдастырушылар салымшыларды алған сыйақысын пирамидаға қайта салуға шақырған", - делінген ведомство хабарламасында. 

"HAS Holding" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде ара-тұра жалған акцияларды ұйымдастырып келген. Соның ішінде Астана мен Қосшы қалаларында көпқабатты үйлер салынып жатқанын көрсету үшін құрылыс декорациялары мен арнайы техниканы жалға алған.

Түсіп жатқан ақшаның көп бөлігін ұйымдастырушылар өз қалтасына басып отырған. 

"Қысқа мерзімде салымшылардан алынған ақшаға ұйымдастырушылар мен олардың туыстарының атына бірқатар жылжымалы және жылжымайтын мүлік: олар жер телімдері, пәтерлер, автокөліктер ресімдеген.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, оған қатысты сот санкциясымен "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.“Ұрлық түбі қорлық” білсе де, қарапайым қаоа халықтың қалтасын қағудан бас тартар емес алаяқтар. Оңай ақшаға батуды ойлайтындар да жоқ емес.

Бізде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабымен қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық етуге қатысы бар азаматтың мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға, ал бас бостандығынан 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге айырылады.

Бас прокуратураның ресми статистикасына сүйенсек, соңғы бес жыл ішінде қазақстандықтар қаржы пирамидаларына салым салып, 14 млрд теңгеден астам ақшадан айырылған. 2019-2020 жылдар аралығында «Гарант 24 Ломбард», «Estate ломбард», «Тиімді қарыз» қаржы пирамидаларынан 26 мыңнан астам қазақстандық алданған. Олардың арасында халықаралық іздеуде жүрген өзге ел азаматтары да бар.

Қаржы пирамидасының құрығына ілігіп алаяқтардың арбауына түсетіндер көп. Оңай жолмен тезірек байығысы келген кейбір тұрғындар әй-шәйға қарамастан жинап-терген бар ақшасын күмәнді компаниялардың шотына салып, кейін бармағын тістеп қалып жатыр. Өткен жылы ғана мемлекет қаржылық пирамидалардың қызметіне қатысты заң қабылдаған болатын. Заңның күшейгеніне қарамастан айылын жимай жүрген алаяқтар азаймай отыр.