Нью-Йорктегі қазақ полицейі "әлем батыры" атағын алды
Нью-Йорктегі қазақ полицейі "әлем батыры" атағын алды
Өзі Шымкенттен шыққан, бүгінде АҚШ-тың Нью-Йорк штатына қарасты Бруклин қаласының тұрғыны, әрі полицейі Димаш Ниязовке әлемдік Бокс Кеңесі "әлем батыры" атағын берді, деп хабарлайды NewsRom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жариялаған.
Бұған дейін де құрама Штаттарында тұратын қазақ полицейі Димаш Ниязов туралы басылымдар жарыса жазған.
Қазақ жерінде туып өскен ол өзге жерде үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Өзі қызмет атқаратын құқық қорғау саласында Димаш ерекшелігімен көзге түсіп, бірнеше рет марапатталған. Осыдан үш жыл бұрын ол есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісін қамауға алғаны үшін Нью-Йорктің "ең үздік полицейі" атағына ие болды. Сондай-ақ ол кәсіпқой бокспен айналысады.
Еске сала кетсек, ол дүниежүзіне тараған коронавирус індеті аяқтала салысымен Қазақстанға келгісі келетінін айтқан. Ондағы мақсаты еліміздің түрлі қалаларының полицейлері арасында бокстен жарыс ұйымдастыру.