Жаңалықтар

39 жастағы Риддер қаласының әкімі кенеттен қайтыс болды

  Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Әкімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде расталды. "Бүгін қаламыздың әкімі Дмитрий Анатольевич Горьковой мезгілсіз қайтыс болды. Оның ауруханада жүрегі тоқтап қалғаны белгілі", - деп хабарлайды Риддер қалалық порталы. Дмитрий Горьковой 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Риддер әкімі болып жұмыс істеді.