Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Жеті бөлімнен тұрады»: Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші

"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші

«Жеті бөлімнен тұрады»: Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
ашық дереккөзі
Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім үйлену тойын осы жазда өткізетін болды. Осы жылдың ең басты мерекелік шарасы аса ерекше үлгіде ұйымдастырылмақ. Белгілі актер мен оның жарының көптен күткен дүбірлі тойы жеті бөлімнен тұратыны белгілі болды деп хабарлайды Newsroom + тілшісі KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасап.  width= Бұл туралы еліміздің аса танымал ивент-орталықтарының басшысы Жан Мұқанов мәлімдеді. Тәуекел Мүсілім оған өз тойын басынан аяғына дейін ұйымдастыруды сеніп тапсырған. Белгілі продюсер өзінің Instagram парақшасында талай қыздың арманы болған актердің үйлену тойы қалай өтетінін тізбектеп жазып көрсеткен. Жан Мұқанов аса маңызды мерекелік шараның жоспарын жария етті. Оған сәйкес, дүбірлі той жеті бөлімнен тұратынын белгілі болды: 1. LOVE STORY 2. Қызойнақ/Қалыңдықтың жиналуы 3. Ерлер отырысы/Күйеу жігіттің жиналуы 4. Некені рәсімдеу салтанаты 5. Үйлену тойы 6. After party 7. Бал айы Сонымен қатар, Жан Мұқанов қазіргі таңда іске асырылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Ұйымдастырушылар бүгінде отбасылық елтаңба мен белгіні жасап, той тұжырымдамасы мен сценариін ойластыруды бастағанын айтты. Олар тойдың басты түстерін анықтауға да кіріскен. Айта кетейік, бұған дейін қазақи нақышта киініп алған Тәуекел Мүсілім мен оның жарының тау бөктерінде жүгіріп жүрген сәтінен видео тарап, елді тәнті еткен.