Жаңалықтар

ҚР МТИ "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК Бас директоры тағайындалды

ҚР МТИ "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК Бас директоры тағайындалды

Талғат Амангелдіұлы Момышев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы Экономика және статистика институтын бітірген, деп хабарлайды newsroom.kz. 1997 жылдан бастап Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы директорының орынбасары; 2000 жылдан бастап– "Метрология" РМК Алматы филиалының директоры, 2003 жылдан бастап – "ҚАЗСЕРТИКО "МҰТПО" РМК директорының бірінші орынбасары, Астана қаласы бойынша "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ басқарма бастығы болып жұмыс істеді.  2005 жылдан– Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 2010 жылдан бастап-мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2017 жылдан — Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, жауапты хатшы, Энергетика министрлігі аппаратының басшысы, экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі. t.me/prokadrykz