Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында жарияланды. "2020 жылғы 25 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайлары ішкі тұрақты рейстер үшін ашылып, ішкі әуе нарығындағы бағыттардың жандануына ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.
Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың көбейетінін ескере отырып, қалалар арасында рейстер санын сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып әуе компаниялары анықтайды.
Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша ұшақ рейстері іске қосылады:
«Эйр Астана»: Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;
«SCAT»: Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1-маусымнан бастап – 7 рейспен ұшады; Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1-маусымнан бастап 14 рейс орындайды.
«Qazaq Air»: Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен; Атырау-Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды.
«Fly Arystan»: 1 шілдеден бастап Атырау-Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды. Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігермен бекітілген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шартында жүзеге асырылады:
- жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
- термометрия, әлеуметтік қашықтықтықты әуе кемесінің бортына отыруға дейін ұстану;
- әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.