Шымкентте 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш берген
Шымкентте 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш берген
Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы бойынша онлайн режимде жиын болып өтті.
ҰБТ тапсыру кезінде мектеп түлектерінің денсаулығы басты назарда екенін айтқан қала басшысы тестілеу өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге айрықша назар аударуды тапсырды.
Жиында Ұлттық бірыңғай тестілеудің дайындық барысы туралы баяндаған білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева биылғы 2019-2020 оқу жылында бітіруші 8 885 түлектің 6 799-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдіргенін мәлім етті.
«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҰБТ-ға өтініштерді қабылдаудың форматына өзгерістер енгізілді. Яғни, оқушыларымыз ағымдағы жылдың сәуір айының 15-нен бастап мамыр айының 10-ы күні аралығында ҰБТ-ға өтінішітерін онлайн тіркеді. Ал, тестілеу қаладағы төрт жоғары оқу орындары жанынан құрылған Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында өткізіледі»,-деді басқарма басшысы.Айта кетейік, биылғы жылы ҰБТ тапсыру форматы өзгеріссіз қала береді. Яғни, Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрынғыша 2 блоктан тұрады. Бірінші блокта 3 міндетті пән, әрқайсысы 20 тапсырмадан. Атап айтқанда: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және қазақстан тарихы . Ал екінші блокта 30 тапсырмадан болатын 2 бейінді пән болып табылады. Тестілеу уақыты - 3 сағат 50 минут, максималды балл – 140. Жиынды қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы тестілеу кезінде балалардың қауіпсіздігі үшін әрқайсысының сақтық шараларын ұстануын қадағалауды айтып, бірқатар сала жетекшілеріне ҰБТ-ға дайындықты күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі