Жаңалықтар

Kaspi.kz-те азық-түлік саудасы күрт өскен

  Еліміз цифрландыру дәуірінде нарыққа онлайн сауда енді. Үйде отырып ғаламтор арқылы сауда-саттық жасауды кез-келген жан істей алады. Азық-түліктен бастап, киім-кешек, үйге керек-жарақтар, дәрі-дәрмек және тағы басқалар. Қазақстандағы электрондық коммерция нарығындағы сату көлемі 2022 жылы 30% - ға немесе 300 млрд теңгеден астам өсіп, 1,3 трлн теңгеден асқан, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұндай деректерді PwC Kazakhstan компаниясы Цифрлық Қазақстан қауымдастығымен бірлесіп жүргізген зерттеуде келтірген. Сауалнамаға Kaspi.kz, Sulpak, Mechta.kz, Fortemarket, Қазақстандағы Ozon Marketplace сауда нарығындағы үздіктер қатысқан. БҰҰ - ның жаһандық дерекқорына сәйкес Қазақстан электрондық қатысу деңгейі бойынша әлемде 15-орынды және EGDI электрондық үкіметін дамыту бойынша 28-орынды алады екен. Жалпы электрондық бөлшек сауда өсуде, 2022 жылы 8,2% - ға жеткен. Ал 2021 жылмен салыстырғанда 7,5% құраған. Бір жыл ішінде қазақстандықтар 50 млн-ға жуық онлайн-сатып алулар жасаған екен. Нарықтың негізгі драйверлері маркетплейстер Қазақстандағы электрондық сатып алулардың 89% - нан асады. Маркетплейстерден сатудың жылдық өсімі 33% құрайды, ал онлайн-дүкендердің сатылымы 19% құрайды. Сонымен қатар, жергілікті сайттар жалпы сатылымның шамамен 80% құрайды. Сауалнама кезінде Kaspi.kz 2022 жылы онлайн азық-түлік сатып алудың күрт өскенін атап өткен. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін сатушылар сатып алушыларға қызмет көрсетуді жақсартуды қолға алған. Клиенттердің назарын аудару үшін қосымша сервистер, жылдам логистика, жарнамалық құралдарды күшейте бастаған.