Журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Бүгіннен бастап Мәжіліс заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастайды деп хабарлайды, Newsroom + тілшісі BAQ.KZ. сілтеме жасап

Жеңімпаздар Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейне-материалдар бойынша анықталады. Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады, - делінген хабарламада.Өтінімдер 2020 жылдың 22 маусымына дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты Мәжілістің www.parlam.kz ресми сайтынан алуға болады.