Бекзат Алтынбеков Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды

27 Қаңтар, 2020 205 0

Белгілі меценат Бекзат Алтынбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Бекзат Қомарұлы Алтынбеков 1973 жылы Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар: Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тарих факультетін және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін тәмамдаған. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, «Мирас»қоғамдық кеңесінің төрағасы, Жезқазған қаласындағы Қазақ қатынас жолдары университетінің қашықтықтан оқыту және кәсіптік бағдар беру орталығының директоры, кәсіпкер.

Бекзат Алтынбеков Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ұлттық «Алтын жүрек» сыйлығының лауреаты. Сондай-ақ ол «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты»медалінің иегері, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жыл тұлғасы» аталымыныңлауреаты.

Халықтар бірлігін насихаттағаны және бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығаюына қосқан үлесі үшін 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталған. «Шапағат» медалінің, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаттарының иегері.

Бекзат Алтынбеков 2019 жылы ғылым және өнер саласы өкілдерінің шығармашылығын қолдау мақсатында жүлде қоры 8 миллион теңге болатын «Тұлға» сыйлығын тағайындаған.


Тегтер: БекзатАлтынбеков, «Руханижаңғыру», Қарағанды

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.