Жаңалықтар

Ауа-райы әбігерге салып жатыр

Ауа-райы әбігерге салып жатыр

Астанадан шығатын жол жоқ. Бүгін ақ түтек боранға байланысты елордадан барлық бағытқа қатынайтын жолдар жабылды, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: inbusiness.kz
Қостанай облысында да бірнеше аумақта трассаларда көлік қозғалысына шектеу қойылған. Жалпы Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Шымкент қаласынан басқа 15 өңірде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды. Еске сала кетсек, бүгін Астанада таңғы ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары онлайн оқитын болды.