Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанда туған күн тойлап, суретін желіге салған әкім жазаға тартылды

Түркістанда туған күн тойлап, суретін желіге салған әкім жазаға тартылды

Түркістанда туған күн тойлап, суретін желіге салған әкім жазаға тартылды
ашық дереккөзі

Олар карантинге қарамастан туған күн тойлап, көкке шыққан.

Табиғатқа шығып, серуендеген ауылдық округтің әкімі мен Түркістан облысының өртке қарсы қызметінің қызметкері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды zakon.kz. Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2020 жылғы 5 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен ел аумағында төтенше жағдай жарияланды. Аталған Жарлыққа сәйкес, 2020 жылдың 17 наурызында Шардара ауданының әкімдігінде төтенше жағдайды бірқатар шектеу шараларымен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды, шектеу шараларына байланысты отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан көп жиналуға және мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынды.
Осыған қарамастан, Шардара ауданының Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Н.Нұрсейтов пен Шардара ауданының өртке қарсы қызметінің маманы Әлімхановтың 2020 жылдың 9 сәуірінде досының туған күнін табиғат аясында атап өткендігі анықталды. Сонымен бірге, олар осы мереке кезінде фотосуретке түсіп, кейіннен оны әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлады құзырлы органның баспасөз қызметі.
Тексеру барысында фотодағы ер адамдар "Энергопоток" ЖШС қызметкері Базаровтың туған күнін атап өткені анықталды. Осыған байланысты, 2020 жылдың 13 сәуірінде Шардара ауданының прокуратурасы туған күнді ұйымдастырған Б.Базаровқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Шардара аудандық сотының 2020 жылғы 15 сәуірдегі үкімімен, оған 27 780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені шешуде төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін аудандық прокуратура әрекет ету актілерін енгізді.
2020 жылы 13 мамырда аудан прокурорының ұсынысымен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тәртіптік комиссиясы шақырылды, онда аудан әкімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы өкімімен ауылдық округтің әкімі Н.Нұрсейтовке "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Шардара ауданының өртке қарсы қызметінің маманы Б.Әлімхановқа "өз лауазымына толықтай сәйкес келмеу туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жаза, сол бөлімнің бастығы Б.Тұрақұловқа қол астындағы қызметкеріне ие болмағаны үшін "қатаң сөгіс" түріндегі жаза қолданылды, - дейді Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.