Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанда жүкті әйел ауыл адамдарының 800 мың теңгесін алдап алып, қашып кеткен

Түркістанда жүкті әйел ауыл адамдарының 800 мың теңгесін алдап алып, қашып кеткен

Түркістанда жүкті әйел ауыл адамдарының 800 мың теңгесін алдап алып, қашып кеткен
ашық дереккөзі

Ол бұрын да адамдарды “көлік жүргізу куәлігін алып беремін” деп алдап, сотталған жергілікті тұрғын болып шықты.

Сурет : zakon.kz22 Мамыр 2020, 11:19
Түркістан облысының полицейлері 20-ға жуық жәбірленушінің ақшасын жымқырған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Newsroom + тілшісі  Polisia.kz сілтеме жасап  width= Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданды. Олардың айтуынша, бейтаныс әйел “мемлекет тарапынан ай сайын берілетін әлеуметтік көмек ақшаны алып беремін” деп сендірген. Жәбірленушілер 30 мың теңгеден беріп, алданып қалған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, "Алаяқтық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекетке көшіп, күдіктіні іздестірді. Аудандық полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын, бұрын адамдарды “көлік жүргізу куәлігін алып беремін” деп алдаған, сотты болған жүкті әйел болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің осындай 17 жайтқа қатысы бары белгілі болды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 800 мыңға жуық теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Жүктілігіне байланысты міндеттемемен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.