Жаңалықтар

Дайрабаев: "мандат ойыншық емес, біреу айтты екен деп кете салмаймын!"

  Президенттікке экс-кандидат, мәжілістің қазіргі депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары мемлекетке 550 мың теңге шығын келтірді деп істі болғаны БАҚ жарыса жазған болатын, деп хабарлайды newsroom.kz. Қылмыстық іс сотқа Жигули Дайрабаев қатысқан президент сайлауына дейін түскен еді. Бүгінде халық қалаулысының ұлдары кінәлі деп табылып, шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Осы жағдайдан кейін ұлдары сотты болған депутат Жигули Дайрабаев мандатынан айырылатыны туралы сыбыс тараған. Бүгінгі үкімет отырысы кезіндегі журналисттердің сауалдары кезінде депутат мәлімдеме жасады. "Халыққа берген уәдеміз бар. Бізге 700 мыңнан астам халық дауыс берді. Біраз адам шулады деп, мандатымды тастап кете салмаймын. Депутаттық мандат ойыншық емес. Халықтың бізге берген сенімі. Сондықтан кеудемде жаным соғып тұрғанша, халыққа қызмет етемін. Қазақ үшін қызмет жасаймын",-деді депутат Дайрабаев.