Этникалық қазақ Ресейде бас ревизор сайланды

27 Қаңтар, 2020 331 0

Ресей Федерациясындағы Омбы облысының бас ревизоры ауысты. Аталған қызметке Талғат Шұғылбаев сайланды. Бұл туралы "Омбыдағы қазақтар" қауымдастығы хабарлады. 

Ол облыстық мәслихат депутаттарының жиналысында көпшілік дауыспен жеңіске жетті. 35 жастағы Шұғылбаев есептік-бақылау палатасына төрағалық етеді.  Бұған дейін Омбы облысының қаржылық бақылау басқармасының бастығы болған. Шұғылбаевты 40 депутаттың 32-сі қолдады. Ал 7 адам қарсы шықса, бір бюллетень жарамсыз деп танылды, - делінген хабарламада.

Жаңа төраға 5 жылдық өкілеттік мерзімін 6 ақпанда бастайды.


Тегтер: Омбыдағықазақтар, басревизор

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.