Жаңалықтар

Контрабандашылар жанармайды шетелге "жасырын" әкетуде

  ҚР-да дизель отынының бағасы 5 жыл ішінде мүлде өзгермеген екен. Жағдай жанармай бағасына да қатысты. Ел билігі жанармай мен дизель бағасын көбейетінін алға тартып, тапшылықтың болмайтынына сөз берген болатын. Енді жанармай тапшылығының себебін отандық отынның шетелге кетуінен екені анық болды, деп хабарлайды newsroom.kz. Елімізден көрші елдерге транзиттік тасымалдаудың өсуімен байланысты болып отыр. Қолда бар соңғы деректерге сәйкес, автокөлікпен жүкті транзиттік тасымалдау көлемі бір жылда 31,5% өскен. Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдаудың үздіксіз және қарқынды өсуі отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың аяқталуымен тұспа-тұс келді. Нәтижесінде транзиттік ағынның жоғары қарқыны ҚР ішінде импорт есебінен жабылатын жанармайдың жасанды тапшылығына әкеп соқтырып отыр. Бір жағынан, Қазақстанның аймақтағы негізгі көлік торабына айналуын өте оңды — республика бұған ұмтылды. Екінші жағынан, шетелден келетін жүк көліктері елде жанармай құйып қана қоймайды, барынша толтырып әкетеді. Отандық мұнай өнімдерінің елден бұлай кетуіне бағаның диспропорциясы себеп болып отыр. Салыстырмалы түрде жасанды тапшылыққа әкеліп отырған транзит арқылы «табиғи» түрде сыртқа кетуден бөлек, «сұр» контрабандалық жолмен Қазақстаннан жанармай мен дизель отынын әдейі шетелге әкету фактілері де жеткілікті. Бұл ретте жүк көліктері рұқсат етілген нормадан артық жанармай құйып қана қоймай, мұнай өнімдерін экспорттау үшін қосымша цистерналармен жабдықталған. Еске салайық, биыл 31 қаңтардан бастап Қазақстанда жанармайды автокөлікпен экспорттауға тағы да тыйым салынған. Аталған шектеулерге қарамастан елімізде жанармайдың заңсыз экспорттау фактілері тіркелген. Мәселен, 2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап ҚР аумағынан жанармайды заңсыз әкету бойынша 288 фактіге жол берілген. Оның ішінде сыртқы шекарада мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 94 фактісі анықталып, сот 1,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салып, 2,3 мың литр жанармай мен 25,3 мың литр дизель отынын тәркіленді. ЕАЭО елдерімен шекарада жалпы көлемі 63,8 мың литрден асатын жанармай экспортының 194 фактісі анықталды. Жалпы, қысқа мерзімде 90 мың литрден астам жанармайды заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылған. Бұдан басқа қаншама контрабанда ұсталмай кеткенін ойлай беріңіз. Қазақстандық жанармайды көрші елдерге сату контрабандашыларға өте үлкен пайда әкеледі. Егер бағалардағы айырмашылықты ескеретін болсақ, онда дизель отынынан 40%–100%, жанармайдан 44%–105% пайда көруі мүмкін.