Қазақстанда көлік жанармайы бағасының өзгеруінің себебі неде?
Қазақстанда көлік жанармайы бағасының өзгеруінің себебі неде?
Бензин және дизель жанармай отындарының бағалары тиісті органдардың бақылауында, деп хабарлайды newsroom.kz. Жалпы, жасанды және ойластырылмаған, теңгерімсіз бағаны ұстап тұру шын мәнінде елдің энергетика саласының қасіретін тудырады. Бағаның нақты деңгейін сақтай отырып, халықты қолдаудың барабар бағдарламасын әзірлеудің орнына нарық заңына қарсы ойнау әрекеті қазірдің өзінде кері нәтижелерге әкеліп соқтырды. Мәселен, электр энергиясы тарифтерін тежеу елдегі электр станцияларының қажетті инвестициясыз қалуына, одан әрі желілердегі көптеген апаттарға, сондай-ақ амортизацияның орасан зор деңгейіне әкелді. Екібастұз бен Риддер қалаларындағы төтенше жағдай өте айқын. Постфактум, президенттің тапсырмасы бойынша елімізде секторға күрделі салымдар ағынының жағдайын жақсартуға арналған «инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасы іске қосылды.
Мұнай өнімдерінің бағасына келер болсақ, Қазақстанда оның әлемдегі ең төмен бағалардың қатарында екені белгілі. Осылайша, Қазақстан ең арзан бензині бар 10 елдің және ең арзан дизель отыны бар 15 елдің қатарына енді. Көрші елдермен, Еуропа мен Америкамен айырмашылық бірнеше есе болуы мүмкін. Толық ақпарат инфографикада берілген.