Мұрат Нұртілеу Ресейге барады
Мұрат Нұртілеу Ресейге барады
11 сәуір күні Ресей тарапының шақыруымен ҚР ПМ орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ресей Федерациясына ресми сапары өтеді деп хабарлайды СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың брифингте жасаған мәліметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Сапар аясында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Ресей Президентінің Халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен кездесуі мен келіссөздері жоспарлануда екен.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды талқыламақ.