Ювал Ной Харари: күнәларды кешіруге тырысамын...

25 Қаңтар, 2020 180 0

Ювал Ной немесе Нұх Харари – есімі соңғы кездері Әлемдік деңгейде жиі айтыла бастаған Израильдің әскери тарихшысы-медиевист. «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» еңбегінен кейін есімін әлем таныған тарихшының бұл туындысы оған атақ пен даңқ әкеліп, Иерусалимдағы Еврей университетінің профессоры медиа кеңістікте есімі ең жиі аталатын тұлғаға айналды. «Homodeus: ертеңгі күннің қысқаша тарихы» дейтін оның екінші кітабы да бестселлерлер қатарынан табылды. «ХХІ ғасырдың 21 сабағы» деп аталатын үшінші кітап та қазіргі уақытта трендте тұрған туындылардың алдыңғы қатарында. 

Жаз айларының бірінде – ресейлік танымал журналист Познерге сұхбат берген Хараридың ойларын ықшамдап оқырман назарына ұсынуға тырыстық. 2019 жылдың 24 маусымында жарық көрген телебағдарлама Тель-Авивтен 40 минуттай қашықтықтағы кішігірім елдімекенде түсірілген. 55 минутқа жуық сұхбатты тек ықшамдап беріп отырмыз. 

«Бірінші кітабым иврит тілінде студенттеріме арналып жазылған. Бестселлер болады деп күтпедім. Кітабымның мұншама танымал болғандығы – оның ғаламдық мәселелерді қозғауында шығар деген Ювал көп елдерде боламын, әр ел өз тарихын ғана оқытады. Әлемді танымай, тарихты тану мүмкін емес» – дейді. 

ХХІ ғасыр туралы үшінші еңбегімнің атауы тек маркетингтік тұрғыдан алынды деген тарихшы сөзінен оның заманауи ілімдер мен тарихты қатар меңгергенін байқауға болады. Осы орайда, қаншама мұрағаттарды қопарып, ел аумағында елеусіз қалып жатқан қаншама тарихшы бар деген ішкі толғанысымызды жасыра алмадық.    

Адамтану тұрғысында сөз болған сұхбатта таңдау мен талғамға қатысты біраз пікірталас туындады. Сұхбат алушы тәжірибелі журналист әрі полиглот В.Познердің де Ломоносов атындағы ММУ биология-топырақтану факультетінің түлегі екенін айта кету керек. Ағылшын тілінде өрбіген сұхбат орыс тіліне өте сауатты аударылғаны анық байқалады. Адам таңдауына қатысты жауап берген Ювал Харари қазіргі таңда корпорациялар адамды өзінен артық танып отыр деп, соңғы 10-15 жылда әрбір адамды кез-келген уақытта, кез-келген нүктеден бақылауға мүмкіндік алды деген пікірін жасырмады. 

Адамды билеу үшін үш нәрсе керек деген Харари ойынша ол келесі дүниелер екен:

• Биология мен ми биологиясын білу;

• Өте көп ақпаратты жинақтау;

• Бар ақпаратты өңдей білу деген Харари тарихта қазіргідей ақпарат сақтау мен өңдеу Гитлер мен КГБ-ның қолында болмаған мүмкіндік деп салыстырмалы тарих жайлы айтуды ұмытпады. Сондықтан да қазіргі уақытта салыстырмалы тарихты жиі қайталап, оның әдіснамасын меңгерген жөн секілді. Қысқаша алғанда әлемді жасанды интеллект пен робот билеуге келе жатқан заманда адам миына көп дүние байланысты дегенді айтқысы келген сияқты.

Шри Сатья Нарайян Гоенкадан Випассан медитациясын меңгерген Харари жануарларды қорғайтын ұйым белсендісі және вегетариандық тағамдарды тұтынады. Сондықтан да болса керек, сұхбат барысында барлық күнәларды кешіруге тырысатынын айтты. 2002 жылдан бері Ицик есімді жігітпен тұратын Ной Харари өзінің гей екенін ашық түрде мәлімдеп келеді. Иерусалимнің маңындағы Месилат-Сион мошавасында тұратын оның жеке өмірі де талай адамға қызық. Қазіргі кезде трансұлттық тарих пен макротарихи үрдістерді үзбей зерттеп жүрген Ювал Харари кітаптары әлемдік нарықта өте көп тиражбен тарауда. Бұл туралы алдағы материалдарымызда толығынан жазатын боламыз. www.newsroom.kz порталын оқи жүріңіздер!) 

Newsroom Тарих



Тегтер: ЮвалНой, тарихшы, Израиль

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Ұлық ұлыстың атасы

06 Қыркүйек, 2019

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.