Тоғыз жыл бойы туған балаларын зорлап келген әке ұсталды

24 Қаңтар, 2020 506 0

67 жастағы ер адам 2010 жылдан бері ұлдары мен қыздарын зорлап, фермада қамап ұстап келген. 

Нидерландының Дренте провинциясындағы Рёйнерволд фермасының қожайынына жуырда ел прокуратурасы ресми айып тақты. 

Екінші әйелінен алты ұл-қызы бар Геррит-Ян ван Д. өз ұлдары мен қыздарына азғындық көрсетіп келген. Бірінші әйелінен туған балалары онымен араласпайды. Күдіктінің адвокаты оның денсаулығына сілтеме жасап, пікір айтудан бас тартқан. 

Геррит Ян балаларын өзі тәрбиелеп келген. Тіпті оның отбасы мүшелерінің жеке құжаттары да жоқ. Өз фермасында ойына келгенін істеп келген ол өз әрекетін түсіндіре алар емес. Бүкіл әлемнен тысқары қалған оның отбасы қазір сот барысында оған қарсы куәлік беруг жарым-жартылай келіскен. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда.

Тегтер: зорлық, қыз, әке, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.