Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырды деген болжаммен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды rbc.ru-ға сілтеме жасаған NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Шешенстандағы коронавирус індетімен күресті президент өзінің жіті бақылауында ұстауда. Алайда жақында ел президенті өзін жайсыз сезініп, өкпесі қабынғаны анықталған. Коронавирус тест нәтижелері теріс болып шыққан, деп хабарлайды Baza телеграм-каналы.
Бастапқыда ЖРВИ-дың белгілері болып, бірте-бірте жағдайы қиындай түскен. Кейіннен дәрігерлер астананың ауруханаларына көрінуіне кеңес берген. Бүгінде Рамзан Қадыров Мәскеудің алдыңғы қатардағы ауруханаларының бірінде ем қабылдауда.
21 мамырдағы мәлімет бойынша, Шешенстандп 1026 адам коронавирусты жұқтырып, оның 11-і қайтыс болған.