Жаңалықтар

Әлемнің біраз елдеріне авиарейстер ашылады

Әлемнің біраз елдеріне авиарейстер ашылады

  Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Алмас Ыдырысов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің отырысы барысында ағымдағы жылы жоспарланып отырған авиарейстердің бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. Вице-министрдің баяндамасынан көрініп тұрғандай, биыл Қазақстаннан тоғыз бағыт бойынша рейстер басталады, оның ішінде Францияның астанасв Парижге, Пәкістанның Карачи және Лахор қалаларына, Өзбекістан мемлекеті Самарқандқа, Чехия астанасы Прага, Үндістанның Мумбай және т.б. Сондай-ақ "Air Asia сияқты жаһандық аз бюджеттік авиакомпаниялардың тікелей рейстерін ашу жоспарлануда", - деп нақтылады Идырысов. Одан өзге ішкі рейстерде жаңа бағыттар пайда болады. "Биыл жаңа маршруттар ашу жоспарлануда, олар: Астана-Жезқазған, Астана-Павлодар, Қарағанды-Жезқазған, Көкшетау-Шымкент, Тараз-Атырау", - деді Алмас Идырысов.