Жаңалықтар

Бәрекелді! Түркістанда тегін кеңес кабинеті іске қосылды

Бәрекелді! Түркістанда тегін кеңес кабинеті іске қосылды

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын ескеріп, қолайлы орта қалыптастыруда бірталай істер атқарылып жатыр. Олардың мұқтаждығын азайтуда бірқатар тапсырымалар орындалуда. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша гранттық жоба аясында қысқа мерзімді "Инклюзивті көмекші" -telegram боты іске қосылды, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл ботты Түркістан қаласы мен Түркістан облысының Сайрам ауданының тұрғындары пайдалана алады. Мақсаты мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл – мүгедектігі бар адамдарға мотивациялық, психологиялық-әлеуметтік және құқықтық кеңес берудің онлайн-кабинеті. «Бот Түркістан қаласы мен Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында тұратын мүгедектігі бар адамдарға психологтың, заңгердің уақтылы кәсіби көмегін алуға, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі», - дейді жоба жетекшісі Диана Қырғызбаева. Сондай-ақ, «Инклюзивті көмекші» telegram-ботында қыш жасау, сәндік безендірумен гүл өсіру және әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері сияқты үш бағыт бойынша оқуға жазылуға болады. Консультациялар келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://t.me/inclusivehelpbot. Естеріңізге сала кетейік, жоба осы жылдың қыркүйегіне дейін іске асырылатын болады. Жоба операторы - Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.