Оқиға Waffle House желілік кафелерінің бірінде алдыңғы аптада болған. Кафе қызметкерлерінің айтуынша, ер адам 14 мамырға қараған түні келген. Даяшы 27 жастағы Келвин Уотсонға егер ол маска тақпаса оған коронавирус пандемиясына байланысты қызмет көрсете алмайтынын жеткізген. Кафе тек жеткізу қызметі бойынша жұмыс істеген.