Еліміздегі жанармай мен дизель отынының бағасы шарықтады
Еліміздегі жанармай мен дизель отынының бағасы шарықтады
Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеме жасады. Энергетика министрлігі жанармай мен дизель отынының бағасын өзгерту туралы шешім жобасын жариялағанын атап өтті. Смайыловтың айтуынша, бұл оңай шешім болмаған, деп хабарлайды newsroom.kz.
3 сәуірден бастап Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өсетіні белгілі болды. АИ-92 және АИ-93 бензиндері үшін 182-187-ден (өңірге байланысты) литріне 205 теңгеге дейін. Ал дизельдің бағасы литріне 295 теңге болды. Қазір аймаққа байланысты баға 230-260 теңге аралығында болмақ.
"Мұндай шешімді қабылдау оңай болмады.Егер қазір осындай шешім қабылданбаса, жақын арада мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар мемлекет жанар-жағармай өндірісін ұлғайту үшін барлық шараны қабылдап жатқанын айтты. Кейінгі бес жылда бензин өндіру 70%, дизельдік отын 33% артқан.
Фото: Egemen.kz