Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

50 жыл бірге өмір сүрген жұп бір күнде коронавирустан қайтыс болды

50 жыл бірге өмір сүрген жұп бір күнде коронавирустан қайтыс болды

50 жыл бірге өмір сүрген жұп бір күнде коронавирустан қайтыс болды
ашық дереккөзі
 width=АҚШ-та 50 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде қайтыс болды, - деп хабарлайды WGN-TV. Чикаголық Хуанита және Луис Мелесио қарттар үйінде тұрған. Олардың қыздарының сөзінше, алдымен 77 жастағы анасы қайтыс болған.
"Әкеме анам оны күте тұратынын, бәрі жақсы болатынын айттым. Ол керемет әке еді", - дейді қыздары.
Луис әйелі қайтыс болғаннан кейін төрт сағаттан соң көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирус жұқтырғандардың саны 4,9 миллионға жетті, оның ішінде 321 мың адам қайтыс болған. Worldometers мәліметі бойынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандардың саны 1,6 миллионнан асты.