Қатты жауған жаңбырдан соң Ташкент қаласын су басты
Қатты жауған жаңбырдан соң Ташкент қаласын су басты
Екі сағатқа созылған нөсер жаңбырдың салдарынан Өзбекстанның астанасының көптеген көшелері, тұрғын үйлердің аулалары мен жертөлелері, сауда орталықтары, метрополитен және басқа да нысандары су астында қалды, деп хабарлайды newsroom.kz uznews.uz-ге сілтеме жасап.
Ташкент қаласында 2 сәуірде екі сағат бойы жалғасқан нөсер жаңбырдың салдарынан 20 мм жауын-шашын түскен. Бұл сәуір айына белгіленген жалпы норманың (60 мм) үштен бірін құрайтынын хабарлайды.
Қала әкімшілігі арықтардың бір уақытта мұндай үлкен ағынды қабылдауға арналмағандықтан, кейбір жерлерде судың жиналуы байқалғанын атап өтті. Ташкенттегі арықтардың орташа диаметрі 300 мм.
Бүгінгі таңда қаланы судан тазарту жұмыстары жүргізіп жатыр.